ЕХРО ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ТАМЫРЫНА ҚАН ЖҮГІРТТІ
September 25, 2017 at 6:43 pm,
No comments
ЕХРО туризм саласының тамырына қан жүгіртті. Қазақ жерінде тоғысқан дүниежүзінің озық технологияларын өз көзімен көруге асыққандардың қарасы қалың. Астанаға ат басын бұрған шетелдіктер де көп. Қонақ үйлер меймандардан арылар емес. Қонақ үй жұмысшыларының бос уақыты жоқ. ЕХРО басталғалы қарбалас. Келушілер көп. Қонақтарға арналған 32 бөлме бар. Сұраныс жоғары. Кешеннің директоры екі жарым айдың ішінде 1000-ға жуық қонақ күттік деп отыр. АЙГҮЛ НҰРЕЕВА, ҚОНАҚ ҮЙ ДИРЕКТОРЫ: - Алдыңғы жылға қарағанда біздің қонақ үйдегі қонақтардың саны ЕХРО -ға байланысты деп ойлаймын, 4 есе асты деп айта аламын. Алдыңғы жылы күніне 5 нөмір болса, осы жылы күніне 30 нөмірге дейін қонақ келеді. Біздің қонақүйге өте көп Германиядан, Сауд арабиядан келді. Біз олармен сөйлееміз. Астана туралы сұраймыз. Қазақстан туралы сұраймыз. Оларға қатты ұнады деп айтып жатыр. ЕХРО көрмесі бизнесмендердің де несібесін еселеді. Қалашықтағы ас-ауқат сатылатын дүкендер мен мейрамханалар 600 мың адамға қызмет көрсеткен. ЕХРО-ға келушілер 131 миллион теңгеге тамақтанған. Ал, жалпы тауар айналымы 900 миллион теңгеден асады. ВИТАЛИЙ КОСЕНЧУК, АСПАЗ: - Бастапқы тапсырма бойынша күніне шамамен 5 мыңға жуық адамды тамақтандыруымыз керек еді. Сенесіз бе? Біз қазір күніне 8 мыңға жуық қонаққа қызмет көрсетеміз. Кейде үлгере алмай жатамыз. Әсіресе, түскі ас кезінде келушілер көп. Меніңше, шілдеде қонақтар көп болған сияқты. Біз тамызда келушілер легі азаяды деп болжаған едік. Олай болмады. Қонақтар әлі де келіп жатыр. ЕХРО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетілді. Сол арқылы біз әлемдегі озық техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә болып отырмыз. НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: - Все наши гостиницы Астаны заполнены. Астананың қонақ үйлерінде бос орын жоқ. Бизнес көрменің шарапатын көріп отыр. Қалаға қаншама адам келіп, бизнес серпіліп қалды, қала бюджетіне түсім бірнеше есе өсті. ЕХРО әлем халықтары арасындағы достықты нығайта түсті. Мәселен, көрме кезінде Бурабайға келген шетелдіктердің саны 3 есеге артқан. ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: - Мұның өзі – біздің өрісіміздің кеңейгендігі. Біздің қаншама көзіміз ашылды. Қаншама мәдениеттерді көрдік. Қаншама технологияларды көрдік. + Біз жер бетіндегі тыныштықты мәдениеттерді жақындастыру арқылы, халықтардың бір-біріне деген сенімін, бір-біріне деген сүйіспеншілігін нығайту арқылы бейбітшілікке қол жететінімізді Елбасымыз айтып келе жатыр. Осы жолы да өзінің сұхбатында айтты. РАХМАН АЛШАНОВ ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР, АКАДЕМИК: - Мына ЕХРО-ның әсері мол. Жан-жақты, тек қана көрме емес оның саяси бағдары әлеуметтік бағдары, туристік жағын қарасаңыз қазір кеше айтып жатыр мына Түркістанға биыл адам көп келді. Сонда ЕХРО-ға келген адамдардың біразы Түркістанға барып жатыр екен. Үш ай бойы әлем назары Астанаға ауды. Бизнес пен туризмнің тамырына қан жүгірді. Баламалы энергия саласындағы озық технологиялармен таныстық. Ендігі мақсат – көрген білгенімізді көкейге түйіп, көштен қалмай «Болашақтың энергиясын» дамытуды қолға алу.Қосымша ақпарат алу үшін: http://kazakh-tv.kz/kz/view/expo2017/page_187036_provedenie-expo-2017-povliyalo-na-razvitie-turizma-v-kazakhs
Кез келген сайт ақпараттарын қолдану тек Kazakh-tv.kz сілтемесі болған кезде рұқсат етіледі.
No comments
Leave a reply
Cart
Cart is empty.